Парламент Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті

Парламент Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті

Бүгін, 13-мамырда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары ҚР мен Қырғызстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 13 Мамыр 2004
  • 542
Фото - Caravan.kz

Бұл келісімге 2003-жылдың 25-желтоқсанында Астанада қол қойылған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің мақсаты — Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалау, екі ел арасындағы автокөлікпен жүзеге асырылатын жүк тасымалы талаптарын жеңілдету болмақ. Келісім Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасын аясында жүк және жолаушы тасымалын, осы аумақтар арқылы өтетін транзитті тасымалды, сондай-ақ, екі мемлекет аумағында тіркелген көлік құралдарымен үшінші ел арқылы жүк тасымалдауды реттейді.
Аталмыш келісімнің ережелері екі жақты жол байланысы арқылы халықаралық автокөлік жүк тасымалына және келісімге қол қоюшы мемлекеттер аумағы арқылы транзитті жүріп өтуге, сондай-ақ, қазір көбінесе Қазақстан жағы ғана жүзеге асырып отырған, үшінші елдерге жүк тасымалдауға рұқсат алмау жүйесін енгізуді қарастырады.
Келісімді бекіту жөніндегі заң жобасы Елбасының қол қоюына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар