Парламент Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келісімді бекітті

Парламент Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келісімді бекітті

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан үкіметі мен Әзербайжан үкіметі арасындағы Қазақстан мұнайын осы елдің аумағы арқылы Каспий теңізімен және Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы халықаралық нарықтарға Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жүйесімен тасымалдауға қолдау көрсету және септесу жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 527
Фото - Caravan.kz

Келісімде Қазақстан мұнайын Каспий теңізі арқылы Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жүйесіне тасымалдаудың жаңа жүйесін құру қарастырылған.

Мұнайды Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты жағалауына тасымалдаудың Қазақстандық Каспийлік жүйесін құру жобасын жүзеге асыру аясында жаңа мұнай тасымалы инфрақұрылымын құру жоспарланған.

Атап айтсақ, «жобада Ескене-Құрық мұнай құбырын тарту, Құрық айлағын кеңейту мен жаңа қуаттылықтар құру көзделген, бұл жерден мұнай әріқарай танкерлермен Каспий теңізі арқылы Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жүйесіне тасымалданады». «Ресурстық негіз ролін Қашаған және Теңіз кеніштері атқарады».

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті