Жарияланды: 440

Парламент сенатының бесінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтеді

Ертең, 18-қыркүйекте парламент сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтың төрағалық етуімен палатаның бесінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтеді.

Жалпы отырыста бес түрлі құжат қарау межеленген,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне сенаттың баспасөз қызметінен. Сенаторлар ҚР Азаматтық Кодексінің жалпы бөліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі, сондай-ақ, "ҚР экспорттық бақылу туралы" заң жобаларын сарапқа салады. Сондай-ақ, депутаттық мандатынан айрылған Ақмола облыстық депутатының орнына жуырда сайланған жаңа әріптестері Светлана Жалмағамбетованы Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайлау мәселесін , сондай-ақ, "Этил спирті мен спиртті өнімдердің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу жөніндегі" заң жобасына қатысты туындаған келіспеушілікті еңсеру мәселесін талқылайды деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін