Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заңның тұжырымдамасында мемлекеттік мұрағат мекемелері тарапынан ақылы қызмет көрсету қарастырылған. Өйткені, мемлекеттік мұрағат мекемелері ақылы негізде жүзеге асыратын қызметтер мен тауарларды сату іс-қызметінің түрлері заңнамалық негізде бекітілмеген. Бұл ҚР Бюджеттік кодексінің 15-бабының 2-тармағына қайшы келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті