деп санайды сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Алдағы мерзімге белгіленген маңызды стратегиялық мақсаттарды орындау үшін парламент пен үкіметтің жауапты әрі үйлесімді жұмысы керек. Біз елбасының бұл өтінішін түсіністікпен қабылдап, дұрыс шешім қабылдаймыз деп ойлаймын", деді Қ.Тоқаев бейсенбіде палатаның пленарлы отырысында.
"Бәрімізді жүйелі, ауқымды жұмыс күтіп отыр. Біз алдағы жұмыстың жауапкершілігін терең түсініп, бұл процеске белсенді қатысуымыз керек", деді ол. Алдында хабарланғандай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2-қыркүйек күні парламенттің төртінші сессиясын ашқан кезде депутаттық каникул уақытын қысқарту туралы өтініш айтқан болатын.