Парламенттік сайлау Чех сарапшыларының назарында - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламенттік сайлау Чех сарапшыларының назарында

Парламенттік сайлау Чех сарапшыларының назарында

Чехия астанасында сайлауға қатысты жиын өтті.

  • 17 Наурыз 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Прага қаласында 2023 жылдың 16 наурызында – Қазақстан Елшілігінде мемлекеттік органдар өкілдерінің, Парламент депутаттарының, жетекші талдау институттарының, мәдениет, білім, ғылыми орта өкілдерінің қатарынан "Қазақстан достары клубының" қатысуымен ҚР Парламентіне алдағы сайлауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Чех сарапшылары алдағы Қазақстан Республикасының Парламенттік сайлауға үлкен қызығушылық танытты, атап айтқанда, Чехия Парламенті Сенатының депутаты Ян Жалаудик өз сөзінде: "Чехияда Қазақстан Парламентіне сайлау үлкен қызығушылық тудырады, сайлау тұрақтылықты, орнықты және болжамды дамуды сақтау белгісімен өтетініне сенімдімін. Достық Қазақстан барлық салаларда жүйелі және тұрақты дамуды сақтайды деп үміттенеміз".

Чех саясаттанушылары, жетекші талдаушылар мен Чехияның аналитикалық институттарының сарапшылары өз сөздерінде: "Қазақстан саяси институттардың, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан қызықты екені сөзсіз. Алдағы Қазақстан Парламентіне сайлауда жастар өкілдері белсенділік танытады деп ойлаймыз".


Іс-шара соңында қазақстандық дипломаттар журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар