Парламенттің жалпы отырысында екінші шақырылған парламенттің 4-сессиясы жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламенттің жалпы отырысында екінші шақырылған парламенттің 4-сессиясы жабылды

Парламенттің жалпы отырысында екінші шақырылған парламенттің 4-сессиясы жабылды

Бүгін, 30-маусымда өткен парламенттің жалпы отырысында екінші шақырылған парламенттің 4-сессиясы жабылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 30 Маусым 2003
  • 541
Фото - Caravan.kz

Бұл шешімді бірлескен отырысқа қатысқан 36 сенат, 69 мәжіліс депутаты қолдап дауыс берді. Екі халық қалаулысы қарсылық білдірді.

Сөйтіп, парламент сессиясы жабық деп танылды. ҚР Ата заңына сәйкес парламенттік демалыс 2003-жылдың 1-қыркүйегіне дейін созылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сессия барысында палата төрт бірдей іргелі Кодекс жобасын, атап айтсақ, Кедендік, Жер , Су және Орман Кодекстерін
талқылады .
Жалпы алғанда, төртінші сессия мерзімінде мәжіліске 170 заң жобасы келіп түсті. 52 жоба бұған дейінгі сессиялардан қалған болатын. Сессия мерзімінде мәжіліс 136 заң жобасын мақұлдап сенатқа жіберді, олардың 94-і заң мәртебесіне ие болды. Соның ішінде 21-і негізгі заң болса, 45-і бұрынғы заңдарға түзетулер мен өзгертулер енгізді, ал 27-сі ратификациялық заңдар.