"Пәтер жалдап тұрамын": Дәурен Серғазин әлі күнге дейін жеке баспанасы жоқ екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Пәтер жалдап тұрамын": Дәурен Серғазин әлі күнге дейін жеке баспанасы жоқ екенін айтты

"Пәтер жалдап тұрамын": Дәурен Серғазин әлі күнге дейін жеке баспанасы жоқ екенін айтты

Танымал кино және театр актері, режиссер  Дәурен Серғазин 200 мың теңге көлеміндегі жалақы алатынын мәлімдеді. 

  • 2 Тамыз 2023
  • 188
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Парадокс бағдарламаксында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Театрда 16 жыл қызмет етіп жатырмын. Театрға берілген жалдамалы пәтерде тұрамын. Ол үйді сатып алсаң да болады, бірақ әлі сатып алған жоқпын. Ең бастысы, ешкім қуып жатқан жоқ, тұратын жерім бар. Театрдан да әзір шығарып жібермейді. Сондықтан жекешелендіруге құлшынып тұрған жоқпын. Мүмкін, жағдайға да байланысты шығар. Бірақ, жекешелендіру керек. Өзі негізі тұрмысқа келген кезде кішкене жалқаулаумын, сол жағым кенжелеп тұр.  Ол дұрыс емес. Заман талабына сай, ол жағын да ойлау керек", — дейді ол. 

Актер ата-анысының өзін өтірік мақтамайтынын да айтты. 


"Әке-шешем өтірік мақтамайды. Ұнамайтынын ұнамайды деп айтады. Мысалы, әкеме "Брат или брак" фильмі ұнамайды. Мен оны дұрыс қабылдаймын. Олардың олай айтқаны да дұрыс. Бәріне ұнау шарт емес", — дейді актер. 

 

 

Соңғы жаңалықтар