Жарияланды: 450

Павлодар: әскери бөлімшенің келісімшарт бойынша әскери қызметкерінің өлім себебі анықталды

Павлодар облысындағы арнайы мекемені күзеткен ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің 6679 әскери бөлімшесінің келісімшарт бойынша әскери қызметкері өз ажалымен өлген.

«20 маусымда ол (әскери қызметкер – ҚазТАГ) әскери қызметтестерімен бірге режимдік объектіні күзеткен. Бір кезде өзін нашар сезінген. «Жедел жәрдем» шақырылды, бірақ жігіт көмек жетпей жатып, көз жұмған», – деп хабарлады Павлодар гарнизонының әскери прокуроры Алмас Тәукебаев дүйсенбі күні. Оның айтуынша, 22 жастағы келісімшарт бойынша әскери қызметкердің Павлодар облыстық ІІД арқылы әскерге шақырылғанына 2 ай болған, дәрігерлер оны барлық көрсеткіштер бойынша әскерге жарамды деп таныды. Сонымен бірге, әскери прокурор ақырғы қорытынды сот-медициналық сараптама аяқталған соң белгілі болатынын айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін