Павлодар іргесіндегі ауыл балаларының автобус жоқтықтан мектепке баруы қиындаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар іргесіндегі ауыл балаларының автобус жоқтықтан мектепке баруы қиындаған

Павлодар іргесіндегі ауыл балаларының автобус жоқтықтан мектепке баруы қиындаған

Павлодар іргесіндегі Павлодарское ауылында оқушылардың мектепке қатынауы қиындап кетті. Бұған дейін мұндағы балаларды білім ошағына апаратын екі көлік болған. Биыл ол да жоқ. Таңғы қарбаласта қалаға қатынайтын автобустарға сыймаған оқушылар болса, бес шақырым жердегі мектептеріне жете алмай, сабақтан жиі қалуда. Мәселені білім ошағының басшысы тұрмақ, ауыл атқамінерлері де шешіп бере алмайтын көрінеді. 

  • 12 Қыркүйек 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz

Жаңа оқу жылында мектеп автобусынан қағылған Павлодарское ауылының оқушылары сабаққа қалаға қатынайтын автобуспен жетіп жүр. Жолаушыларға лық толы қоғамдық көлікке сыймаған жеткіншектер кейде аялдамада қалып қояды. Мектептен бес шақырым алыс жерде орналасқан жұрт қыс түссе балалары үсіп қала ма деп алаңдаулы.

Жұрттың бас ауруына айналған автобус мәселесінің зардабын әсіресе мектеп табалдырығын енді аттаған балалар тартып жүр.Таң ата мына аялдамаға жиналған оқушылар қалаға қатынайтын қоғамдық көлікті күтеді.

Біз остановкада тұрамыз. 44 келмесе, біз тоңып үйге барамыз.

Мектепке дейін 9 аялдама немесе 5 шақырым. Шағымданған жұрт мәселенің мән-жайын анықтамақ болған. Алайда шенеуніктерден жарытып жауап ала алмапты.

Ләззат Ахатова, Павлодарское ауылының тұрғыны:

— Былтыр р бізде екі автобус болды.Сол екеуінің біреуін Жетекшіге берді. А зачем Жетекшіге берді,если біздің ауылдың өз балалары көп сыймайды. Потому что олар ақша төлеп тұр,соған берді. И мынау жалғыз автобус болып еді, и то алып қойды. Бұл не деген сұмдық?

Мектеп директорының қолынан келетін қайран жоқ. Тек балалардың қауіпісіздігі үшін жанын шүберекке түйіп отырғаннан басқа.

Любовь Задубняк, Павлодарское ауылы мектебінің директоры:

—  Әрине, әрбір оқушының амандығы үшін алаңдаймын. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері бүлдіршіндерді жолдан өткізіп, қоғамдық көлікке мінгізіп жібереді.

Ал ауыл әкімінің өз уәжі бар. Шенеунік бұған дейін еш кедергісіз оқушы тасымалдаған автобус енді қатаң тәртіп бойынша ғана жұмыс істейді дейді.

Ирина Фогель, Павлодарское ауылының әкімі:

— Жүргізушілер бұған дейін жолшыбай аялдамаларда тұрған оқушыларды да ала кететін. Жұрт соған әбден үйреніп алған. Ал мектеп автобусы бұдан былай он бес шақырым жерде тұратын оқушыларды ғана тасуға міндетті.

Яғни мектептен 5 шақырым жерде тұратын оқушылардың сабаққа қатынау мәселесі –өздерінің бас қайғысы. Бұған көнгісі келмеген ата-аналар қауымы бұрынғы автобус қайта берілмейінше, балаларын мектепке жібермейтіндерін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар