2004-жылдың алғашқы жартысында Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 1,07 млрд. доллар немесе, 2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 153,8 процентті құрады. Экспорт көлемі 56,5 проценттік өсіммен 601,9 млн. долларды, импорт мөлшері 50,5 проценттік өсіммен 469,6 млн. долларды құрады. Экономикалық өсім нәтижесінде кедендік төлемдер мен алым мөлшері 18,5 процентке өсті. 2004-жылғы жоспар 3,5 процентке асыра орындалды.
Кедендік рәсімдеуді жеделдету шараларының нәтижесінде Павлодар облысының кедендік шекарасынан өтетін тауарлардың 91 проценті күнбе-күн рәсімделуде.
Павлодар облысындағы кедендік төлемдердің 60 проценттен астамын сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушы ірі компаниялар қамтамасыз етуде. Олардың арасынан «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазхром» ААҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Богатырь Аксес көмір» ЖШС, «AES-Екібастұз» ЖШС, «Павлодар мұнайхимиясы зауыты» ЖАҚ, «Павлодар машина жасау зауыты» ЖАҚ, «Роса » ААҚ және басқараларын атауға болады. Облыстың сыртқы сауда айналымында Ресейдің үлемі 80 проценттен асады.
Облыстық кедендік бақылау департаменті контрабанда деректері бойынша 27 қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты 825 іс қозғап, 10 кило есірткі, соның ішінде 5,4 кило героин тәркіледі.