Павлодар облысында 17 жыл бұрын әпкесін өлтірген адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 17 жыл бұрын әпкесін өлтірген адам ұсталды

Павлодар облысында 17 жыл бұрын әпкесін өлтірген адам ұсталды

Сараптама нәтижелері бойынша кінәлі адам ұсталды.

  • 9 Шiлде 2021
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен   баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров мәлім етті.

— Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде барлығы 2864 қылмыстық іс болды, оның ішінде 1796 іс ашылып, сотқа жолданды, ашу пайызы 75,2% құрады. 2004 жылдан бері қозғалған қылмыс ашылды. Железин ауданында ер адам әпкесін өлтірген. Сараптама нәтижелері бойынша кінәлі адам ұсталды, — деді Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдардағы 485 қылмыс: оның ішінде 1 адам өлтіру, 2 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 5 бұзақылық, 10 тонау, 1 қарақшылық шабуыл және 5 айдап әкету ісі ашылған.


Қылмыскерлерді іздестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жыл басынан бері іздеуде жүрген 50 адам ұсталды. Оның ішінде 2016 жылы кісі өлтірген бір адам Ресейде қолға түсті.

— Бүгінде полиция департаменті жедел қызметтік жұмыстың барлық бағыттары бойынша ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін тұрақты режимде жұмыс істеуде, — дейді Жасқайрат Қайыров.

Соңғы жаңалықтар