Павлодар облысында 2004-жылы ана мен баланы қорғауға жұмсалатын қаржы көлемі 17 процентке артады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 2004-жылы ана мен баланы қорғауға жұмсалатын қаржы көлемі 17 процентке артады

Павлодар облысында 2004-жылы ана мен баланы қорғауға жұмсалатын қаржы көлемі 17 процентке артады

Павлодар облысында 2004-жылы ана мен баланы қорғауға 558,4 млн. теңге бөлінеді, бұл өткен жылғыдан 17 процент артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық денсаулық сақтау департаменті төрағасының орынбасары Гүлнар Төлегенова хабарлады.

  • 7 Қаңтар 2004
  • 459
Фото - Caravan.kz

Бүгінде Павлодар облысында 15-45 жас аралығындағы бала тууға қабілетті 217,8 мың әйелдің небәрі 1 процентінің ғана дені сау. Облыстағы әйелдердің денсаулық индексі 16 проценттен аспайды, ал республика бойынша орташа көрсеткіш бұдан жоғары — 20-22 процент аралығында.

2003-жылы жүкті әйелдерді емдеу және олардың ауыруына жол бермеу үшін 2,3 млн. теңгеге медициналық дәрі-дәрмектер сатып алынды. 2004-жылы бұл мақсатқа 2 млн. теңге бөлу көзделіп отыр. Сондай-ақ, биыл Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында екіқабат әйелдердің ағзасындағы патологияны емдеуге арналған 40 төсекті бөлімше ашу жоспарланған. «Сондай-ақ, біз Ақтоғай және Железинский аудандық ауруханаларына акушер-гинекологтарды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отырмыз»,- деді Г.Төлегенова.
Әйелдер денсаулығының нашарлай түсуіне байланысты сауықтыруды талап ететін нәрестелер саны да арта түсуде. Мәселен, 2003-жылы облыстық перзентханада 25 төсекті нәрестелер патологиясын емдеу бөлімшесі ашылды. 22 млн. теңгеге шараналарға арналған инкубаторлар, кардиомониторлар, жылытылатын неонатальдық үстелдер, электронды таразылар тәрізді арнаулы жабдықтар сатып алынды. Облыстық перзентханада дүниеге келген сауықтыруды талап ететін нәрестелер ендігі жерде облыстық перинаталдық орталыққа көшірілмей, сол жерде бағып-күтіледі. «Бұрындары тасымалдаған кезде сәбилер дүние салған оқиғалар да кездесті»,- дейді облыстық перзентханадағылар.
Жалпы алғанда 2003-жылы облыс бойынша нәрестелердің туа сала қайтыс болу көрінісі азайды дейді Г.Төлегенова. Егер 2002-жылы туғалы 7 тәулікке жетпеген 105 бала көз жұмса, 2003-жылы бұл көрсеткіш 57 болды.
«2003-2005-жылдарға арналған ана мен бала денсаулығын қорғау» жөніндегі облыстық бағдарлама аясында перзентханалар мен ауруханалардың перзентхана бөлімшелеріне арнап құрал-жабдықтар сатып алынуда. Мәселен, 2003-жылы аудандық ауруханалардың перзентхана бөлімшелеріне арнап 13,8 млн. теңгеге, облыстық перзентханаға арнап 16,5 млн. теңгеге, Екібастұз қалалық перзентхана үйіне арнап 10 млн. теңгеге жабдықтар сатып алынды. Жалпы алғанда бағдарлама аясында 68 млн. теңгеге жабдықтар сатып алу жоспарланған.
Бұған қоса 2004-жылы Ақтоғай аудандық ауруханасындағы перзентхана бөлімшесін жөндеу межеленіп отыр.
Павлодар облысында жалпы алғанда 800 мың адам, соның ішінде 394 мың әйел тұрады.

Соңғы жаңалықтар