Павлодар облысында 21 адам суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 21 адам суға батып кетті

Павлодар облысында 21 адам суға батып кетті

Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы бері 21 адам суға батып кетті. Көз жұмғандардың басым бөлігі – балалар.

  • 19 Тамыз 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Суда ажал құшқан ересектердің барлығы мас күйде болса, балалар ата-аналарының жауапсыздығынан қайтыс болған.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындардың көбі шомылуға рұқсат етілмеген және жабдықталмаған жағажайларда демалуға құштар.

«Синоптиктердің болжамынша, алдағы уақытта Павлодар облысында күн жылы болады. Ауа температурасы +30 градусқа дейін көтеріледі. Сондықтан, құтқарушылар күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істеуді жалғастырып жатыр», — дейді мамандар.

Рейдтік шаралар барысында рұқсат етілмеген орындарда демалушыларға ескертулер жасалып, жадынамалар таратылуда. Биыл шомылу маусымы басталғалы бері 18 рейд ұйымдастырылып, 12 мыңға жуық азаматқа ескерту жасалды.

Өңірдегі жедел құтқару отряды бастығының орынбасары Серік Шерияздановтың айтуынша, облыстағы ең ірі су айданы Ертіс өзенін бойлаған ауылдарда жабдықталған жағажайлар жоқ.


«Павлодар облысында 192 өзен-көл бар. Барлығын шомылу орындарымен қамту мүмкін емес. Сондықтан, біз рейдтік шараларды күшейтіп, түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп келеміз. Десе де, құлақ асатындар аз. Әр тұрғын өзінің қауіпсіздігі үшін жауапты болу керек. Олар көбінесе қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, тіпті, құтқару жилеттерін де кимейді», — дейді Серік Шериязданов.

Соңғы жаңалықтар