Павлодар облысында 28 жолаушысы бар автобус аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 28 жолаушысы бар автобус аударылды

Павлодар облысында 28 жолаушысы бар автобус аударылды

 

  • 6 Наурыз 2020
  • 38
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысында 6 наурызда 28 жолаушысы бар автобус аударылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, жол апаты 00.15-те Екібастұз ауыл аймағында, Қызылорда — Павлодар тасжолының 1160-шақырымында болған.

Mercedes жолаушылар автобусының жүргізушісі Новосібір — Ташкент бағытында келе жатқан автобус тізгініне ие бола алмай қалып, автоубсты аударып алған.

"Салонда 28 адам болған, олардың 26-сы Өзбекстан азаматы да, екі жүргізуші біздің елдің азаматы. Оқиға орнына мамандар, полицейлер және жергілікті атқару органдарының өкілдері жөнелтілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін барлық жолаушы жол-жөнекей көлікпен кетті, жүргізушілер оқиға орнында қалған", — деп хабарлады өңірлік ТЖД өкілдері.


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі автобустың Новосібірден Шымкентке бара жатқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар