Жарияланды: 20

Павлодар облысында 34 жастағы әйел суға батып кетті

Павлодар облысында 34 жастағы әйел суға батып кетті  Сурет - hilook.ru

Оқиға 5 тамыз күні болған.

Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында 34 жастағы әйел суға батып кетті деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 тамыз күні болған.

«Ертіс өзенінің тармағында сағат 16.45-те 1984 жылы туған әйел суға батып кеткен», – деді баспасөз қызметінде.

Әйелдің денесін жергілікті тұрғындар сағат 18.05-те судан алып шықты. Оқиға шомылуға орнатылмаған жерде орын алды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть