Павлодар облысында автомобиль жолдары сапасының атласы жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында автомобиль жолдары сапасының атласы жасалады

Павлодар облысында автомобиль жолдары сапасының атласы жасалады

Павлодар облысында аймақтың автомобиль жолдары сапасының атласы жасалады.

  • 9 Шiлде 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

"Мен облыстың ғылыми-зерттеу институтын жолдардың сапасын тексеруге тартуды тапсырдым, ол автомобиль жолдары сапасының атласын жасайды. Сол құжат негізінде жолдардың жөнделуі жоспарланады", деді жиында облыс әкімі Қанат Бозымбаев, оның сөздері әкімнің баспасөз қызметінің хабарламасында келтірілген.

Қ.Бозымбаев аймақтағы жолдардың жағдайы ойдағыдай емес, деп айтып өтті.

"Жолдың кейбір жерлері араға жыл салып қайта жөнделіп жатады. Кейбір жолдармен жүру мүмкін емес", деді әкім.

Биыл облыстық және аудандық мәні бар 283,5 шақырым жол жөнделмек, бұл 2013 жылға қарағанда бір жарым есеге артық.


Облыстық және аудандық мәні бір жолдарды жөндеуге 5,448 млрд теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен — 2,045 млрд теңге, облыстық бюджеттен — 3,023 млрд теңге және қала мен аудандардың бюджетінен — 379,7 млн теңге, делінген онда.