Павлодар облысында бір коммерциялық банктің несиелік менеджері алаяқтық жөніндегі күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында  бір коммерциялық банктің несиелік менеджері алаяқтық жөніндегі күдікпен ұсталды

Павлодар облысында бір коммерциялық банктің несиелік менеджері алаяқтық жөніндегі күдікпен ұсталды

Павлодар. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында бір коммерциялық банктің несиелік менеджері алаяқтық жөніндегі күдікпен ұсталды, ол Ресей аумағына өтіп ізін жасырып кетуге әрекет жасаған. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қараша 2007
  • 539
Фото - Caravan.kz

«Күдікті мемлекеттік шекарадан өтуге әрекет жасаған кезде қолға түсті. Онымен бірге оның сыбайласы да құрықталды. Олар Омск облысының аумағына өтіп кетпек болған. Бірақ шекара қызметінің қызметкерлері ұстап алды», — деп хабарлайды қаржы полициясындағылар.

Облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, несиелік менеджер мен оның екі сыбайласы 2006 — 2007 жылдар аралығында облыстың Ақтоғай ауданының тұрғындарынан алдау арқылы құжаттар жинаған. Бұдан кейін олар құжат иелеріне хабарламастан, олардың атына жалған несиелерді рәсімдеген.

«Бұл топ жалпы алғанда 10 млн теңгеге 108 несиені рәсімдеген», — деп хабарлайды қаржы полициясындағылар. Қазір несиелік менеджер мен оның сыбайластары уақытша тергеу абақтысына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 325-ші бабында қарастырылған (құжаттарды қолдан жасау және сату) қылмысқа барды деген айып тағылуда.

Қаржы полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір сондай-ақ , ұсталғандарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру жөнінде тағы бір қылмыстық іс қозғау мүмкіндігі қарастырылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті