«Болуы мүмкін штаттан тыс жағдайлардың алдын алу үшін барлық апаттық-шұғыл қызметтер дайындыққа келтірілді», — деп атап көрсетті төтенше жағдайлар департаменті.
Департамент бастығының орынбасары берген мәліметтерге сүйенсек, ауа-райының жағдайына байланысты бүгін түсте Екібастұз — Астана бағытында көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды.
Агенттік тілшісі хабарлағандай, өткен түнде облыс аумағында қалың қар жауған. Синоптиктердің мәліметтеріне сүйенсек, жауын-шашынның айлық мөлшерінің ширек бөлігі жауған.
Осыған байланысты Павлодарда таңертеңнен бері қала көшелерін қардан тазарту үшін 15 техника мен 160 адам жұмыс істеуде. Екібастұзда 9 техника мен 18 адам жұмылдырылса, Ақсу қаласында 6 техника мен 25 адам қарды тазалау үстінде. Қауіпті жерлерде тұз бен топырақ қоспасын себу жұмыстары жүргізілуде.
Халықаралық Павлодар — Омск, Павлодар — Новосибирск, Павлодар — Барнаул, Павлодар — Семей, Павлодар — Курчатов бағыттарындағы жағдай бір қалыпты. Облыс аумағында ұзындығы 1 510 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазарту үшін 77 техника, облыстық маңызы бар жолдар үшін (3 909 шақырым) 95 техника жұмылдырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті