Павлодар облысында Ертіс өзеніне бір жасар бала батып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында Ертіс өзеніне бір жасар бала батып кеткен

Павлодар облысында Ертіс өзеніне бір жасар бала батып кеткен

Құтқарушылар Ертіс өзенінен бір жасар баланың денесін тауып алған. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

  • 4 Тамыз 2014
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Кішкентай баланың ата-анасы өзен ортасындағы аралға демалуға кеткен. Ол жерде ішімдік ішіп, ұйықтап қалған. Бір жасар бала өзенге дейін еңбектеп барып батып кеткен сыңайда», дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Бұл оқиға туралы құтқарушыларға жексенбі күні сағат 13:00-де хабар келген. Он сүңгуір мен төрт құтқару қайығы баланы іздеуге кіріскен. Баланың денесі Павлодарское ауылында жағалаудан табылған.