Тракторшыны Алтай өлкесінің мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясының қызметкерлері тұтқындаған. Оны Ресейдің шекаралас қаласы Славгородтың көшелерінің бірінде тоқтатқан.
«Тұтқындаған кезде ер адам жол инспекторларынан өзінің қай жерде жүргендігін сұраған. Ол тіпті де өзге мемлекетке өтіп кеткенін сезбеген», — деп атап көрсетті Қазақстан полициясы.
Ер адам есін жинағаннан кейін Ресей милиционерлері тракторшыны Қазақстанның «Найза» бақылау-өткізу пунктінің шекарашыларына табыстаған. Бұл ретте көлік құралы барлық жағдай анықталғанша Ресей аумағында қалады.
Полиция қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйенсек, енді ауыл тұрғынына «Галицкое» ЖШС шаруалығының аумағынан «К700» тракторымен рұқсатсыз шығып кеткені үшін жаза күтіп тұр. Ол ЖШС басшылығы аудандық ішкі істер органына арыз жазған. Айдап әкетілген трактордың құнын олар 5 млн теңге деп бағалаған. Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы (Айдап әкету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өз кезегінде Ресей милиционерлері де тракторшыға қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей шекара қызметінің көзіне түспестен «К700» тракторы мемекеттік шекараны қалайша кесіп өткендігі анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті