Павлодар облысында мектеп өртенді: 217 оқушы сабақта отырған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында мектеп өртенді: 217 оқушы сабақта отырған

Павлодар облысында мектеп өртенді: 217 оқушы сабақта отырған

Мектептің бірінші қабатындағы тұрмыстық заттар жана бастаған.

  • 21 Қыркүйек 2018
  • 9
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысы Иртышск ауылындағы орта мектепте сабақ кезінде өрт шықты, деп хабарлайды 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жұма, 21 қыркүйекте сағат 11.30-да №3 мектептің екі қабатты ғимаратында өрт шыққан. 

Бірінші қабаттағы техникалық персонал отыратын бөлме жана бастайды. 

"230 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 217-сі бала. Өрт 10 минуттан кейін ауыздықталды. Ал 50 минуттан кейін толық сөндірілді", — деп хабарлайды департаменттегілер. 


Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

 

Соңғы жаңалықтар