Павлодар облысында опырылған топырақ кеншілерді басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында опырылған топырақ кеншілерді басып қалды

Павлодар облысында опырылған топырақ кеншілерді басып қалды

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кен орнында да оқыс жағдай! Мұнда тау жынысы опырылып, бір жұмысшы көз жұмды. Тағы екі азамат түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

  • 13 Мамыр 2015
  • 382
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетілер шамасында болған. Кезекшіліктерін ауыстырып жатқан алты кеншілердің үстіне кенеттен топырақ опырылған. Салдарынан аяқтары жарақаттанған екі азаматқа медициналық қызмет көрсетілсе, үшінші адам ауруханаға жетпей көз жұмды. Топырақ — су тасқыны салдарынан құлаған деген болжам бар. Төтенше жағдайдың нақты себебін арнайы комисия анықтамақ.