Павлодар облысында оқушы асықтан массажер жасап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында оқушы асықтан массажер жасап шығарды

Павлодар облысында оқушы асықтан массажер жасап шығарды

Жас өнертапқыш материалдық база ретінде 3000 асық жинаған

  • 5 Мамыр 2018
  • 63
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысының Ақсу қаласына қарасты Мәмәйіт Омаров ауылындағы Жамбыл орта мектебінің оқушысы Бейбарыс Шұғыла жастар бастамаларын дамыту орталығында өткен инвест-көрмеге асықтан жасаған бұйымдарын әкелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Бүгінгі инвест-көрмеге асықтан жасалған массажер, санамақ, түс ажыратқыш, тастары сүйектен жасалған дойбы, асық атуға арналған құрал әкелдім, – деді Бейбарыс Шұғыла. – Оған қоса, қазақта қамшының 18 түрі бар болса, соның 12-сін ұсынып отырмын. Қамшы жасауға арналған құралдар да бар. Ойынға қолдану үшін қара малдың асықтарын ала келдім. Санамақ кішкентай балалардың санап үйренуі үшін пайдалы. Бір күнде үш санамақ жасап шығаруға болады. Қазіргі кезде Ақсу қаласына қарасты 10 балабақша біздің санамақты қолдануда".

Жас өнертапқыштың ұстазы Жиенхан Қаманайдың айтуынша, массажер сал адамдар үшін пайдалы. Салдыққа ұшыраған, аяғына қан бармайтын адамдар асықтарды аяғымен басып, массаж жасауына болады. Бір массажерға 120 асық жұмсалады. Сонымен қатар, асық – шірімейтін құрал болғандықтан, массажерді асықтан жасау тиімді.


Бейбарыс Шұғыла көрмеге бастаған жұмысына қолдау көрсету үшін инвестор іздеп келгендігін атап өтті.

"Мақсатымыз – осының бәрін жасайтын жеке цех ашу, — деді Бейбарыс Шұғыла. – Сол арқылы құралдарымызды да дамытуды көздейміз. Технологиялар қолданып, жұмысты жандандырсақ, өндіріс көлемін де арттырамыз".

Айта кетейік, өнертапқыш материалдық база ретінде 3000 асық жинаған.

 

Соңғы жаңалықтар