Павлодар облысында қақтығыс болып, полицейлер оқ атты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында қақтығыс болып, полицейлер оқ атты

Павлодар облысында қақтығыс болып, полицейлер оқ атты

Полиция қызметкерлері жергілікті кәсіпорындардан күл қалдығын жинайтын қарауылдармен қақтығыс кезінде оқ атты.

  • 14 Мамыр 2020
  • 86
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиға Павлодар облысы Береке ауылының маңында болған. Мұны видеоға куәгерлер түсіріп алған. Видео кадрларынан бір топ ер адамды, полиция қызметкерлерін және жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері көрінеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл қақтығысқа себеп — жергілікті кәсіпорындардан күл-қоқыс қалдықтары заңсыз алынып келген. Бұл әрекетке Береке ауылының шамамен 30 тұрғыны қатысқан.  


"ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүріп жатыр", — деді өңірлік полицейлер.

Соңғы жаңалықтар