Павлодар облысында сауықтыру лагерінен он бір бала уланып ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында сауықтыру лагерінен он бір бала уланып ауруханаға түсті

Павлодар облысында сауықтыру лагерінен он бір бала уланып ауруханаға түсті

Павлодар облысында «Электроник» сауықтыру лагерінде балалар жаппай уланған.

  • 30 Маусым 2014
  • 542
Фото - Caravan.kz

26 мен 27 маусым аралығында Павлодар маңындағы лагерден 11 бала инфекциялық ауруханаға түскен. Бұл туралы бүгін облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мәлімдеді.

Жеті баладан бактериалдық тамақтан улану болған, төрт баладан бактериалдық ішек инфекциясы анықталған.

Павлодар аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғау және оны іс өндірісіне қабылдау туралы қаулы негізінде «Энергетик» Демалыс үйі» ЖШС-нің «Электроник» сауықтыру лагеріне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында тамақтануды ұйымдастырудың санитарлық ережелері бұзылғаны, дайындау кезінде температуралық режім сақталмағаны, дайын тамақты өндіру технологиясының бұзылғаны, дезинфекциялық режім мен тағам блогы қызметкерлерінің жеке тазалықты сақтамағаны анықталған.


Қазір балалардың жағдайы қалыпты.