Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, облыстың бір аудан орталығының туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері мен бас есепшісі тендер өткізердің алдында кәсіпкерден 40 мың теңге талап еткен. Күдіктілер бизнесменге оның ақысына тендердің жеңімпазы ретінде тануға көмектесуге уәде берген.
«2008 жылдың 1 тоқсанына арналған емдеу мекемесіне азық-түлік өнімдерін сатып алу бойынша бағалық ұсыныстардың тендері өткізілер алдында олар алдын-ала келісім бойынша жеке кәсіпкерден бөлінетін соманың 10 пайызы көлеміндегі пара талап еткен», — деді қаржы полициясының баспасөз хатшысы Найля Бекжанова.
Оның айтуынша, кәсіпкер сол арада экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментінің өңіраралық бөліміне шағым түсірген. Жақында күдіктілер өздерінің талап еткен сомаларын алу үстінде оперативті қызметкерлер тарапынан тұтқындалды.
Қаржы полициясы хабарлағандай, бопсалаушыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағы (алдын ала келісім бойынша бір топ адамның пара алуы) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта бас дәрігер қамауда. Ал бас есепшіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері Павлодар облысында қаржы полицейлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы 29 қылмысты анықтаған. Олардың төртеуі пара алумен байланысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті