Жарияланды: 520

Павлодар облысында туған күнін тойлап жүрген қыз бен тойға келген бір қонақ суға кетті

Павлодар облысы Иртышск ауданының орталығында Ертістің жағалауында 19 жасқа толған туған күнін тойлап жүрген қыз бен тойға келген 23 жастағы бір қонақ жігіт суға кетіп қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

Қайғылы оқиға 10 мамырда болған. Иртышск ауданының 20-25 жас аралығындағы сегіз тұрғыны Ертістің жағалауында бір қыздың 19 жасқа толуын тойлап жүрген. Той үстінде жастар моторлы қайыққа мініп қыдырып қайтпақ болады. Алайда, жолаушылардың көптігін көтере алмаған қайық аударылып кеткен. Сегіз адамның алтауы құтқарылып, той иесі - қыз бен 23 жастағы бір жігіт қаза тапты. Кеше жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар мерт болғандардың мәйітін тауып судан шығарды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін