Павлодар облысында тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік көлемі артпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік көлемі артпақ

Павлодар облысында тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік көлемі артпақ

Биылғы жылы Павлодар облысының тұрақтандыру қорына 6,3 мың тонна көкөніс пен азық-түлік сатып алу көзделіп отыр.

  • 19 Тамыз 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Өткен жылы қорға 4,5 мың тонна азық-түлік алынған болатын, деп «Павлодар» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Дүзелбаев мәлім етті.

«Бастапқыда біз облыстың тұрақтындыру қорына 4,1 мың тонна картоп, қызылша, сәбіз, орамжапырақ, пияз, қант, қарақұмық, күрішп, күнбағыс майы мен сарымай сатып алмақшы болдық. Шілде айында облыс әкімдігі сатып алынатын көкөніс пен азық-түліктиі тағы 1 мың тоннаға арттыру туралы тапсырма берді. Еуроодақ пен Ресейдің өзара санкцияларына байланысты бізге тоұрақтандыру қорындағы азық-түлік көлемін тағы 1,2 мың тоннаға арттыру мәселесін қарастыру туралы тапсырма келіп түсті», — деді ол дүйсенбідегі брифингте.

Айтуынша, қорға сатып алынған азық-түлік қаңтар мен мамыр аралығында базардағы бағадан 15-20 пайыз арзан сатылады.