Павлодар облысында жарнама қателері тексеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жарнама қателері тексеріледі

Павлодар облысында жарнама қателері тексеріледі

«Таза жарнама» акциясының қатысушылары жарнаманың сауаттылығын бақылайды. Аталмыш шараға атсалысуға ұйымдастырушылар павлодарлықтарды да шақырды. Акция қараша айында өтеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Дәулет Темірболат хабарлады.    

  • 27 Қазан 2016
  • 605
Фото - Caravan.kz


«Облыстағы қала мен аудандарда жарнама безендіруінің сауаттылығын талдау үш кезеңге бөлінеді. Қарашаның 1-інен 27-сіне дейін акция қатысушылары тілдер жайындағы заңнамаға қайшы келетін қате кеткен жарнаманы (банер, билборд) фотоға түсіріп, суреттерді Павлодар облысының Тілдерді дамыту басқармасына жібереді», — деп нақтылады Дәулет Темірболат. Келіп түскен суреттердің бәрі мұқият зерттеліп, қорытынды шығарылғаннан кейін акция жеңімпаздары жарияланады. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталмақ.   

Соңғы жаңалықтар