Павлодар облысында жер асты дүмпулері тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жер асты дүмпулері тіркелді

Павлодар облысында жер асты дүмпулері тіркелді

Бүгін, 1-қазанда Астана уақытымен 8 сағат 10 минутта Павлодар облысында Рихтер өлшемі бойынша 1 балл шамасында жер асты дүмпулері тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Қайрат Бертібаев хабарлады.

  • 1 Қазан 2003
  • 544
Фото - Caravan.kz

Нақтыланған мәлімет бойынша, жер сілкінісінің кіндігі Ресейдің Алтай аймағы Қос-Ағаш ауылында тіркелді. Сілкініс кіндігінде Рихтер өлшемі бойынша 8,5-9,5 баллдық дүмпулер тіркелді.

Қ.Бертібаевтың айтуынша, Ресейлік сейсмолог мамандардың уәжіне жүгінсек, мұндай дүмпулерді алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Соған қарамастан, белгілі ақпаратқа сәйкес, Таулы Алтай аймағында бұдан күшті жер сілкінісі болмайды. Демек, Павлодар облысында болуы мүмкін жер асты дүмпулерінің күші Рихтер өлшемі бойынша 1,5 баллдан аспайды. «Облыстағы ғимараттар үшін мұндай дүмпудің қаупі жоқ»,- деді Қ.Бертібаев.
Бүгін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма жер асты дүмпулері қайталанған жағдайда не істеу керектігі жөнінде халыққа арналған хабарлама жарияланған баспасөз баянын таратты.
Осы орайда ескерте кетсек, бұл — Павлодар облысында тіркелген осымен үшінші жер асты дүмпуі. 27-қыркүйекте Астана уақытымен 18 сағат 35 минутта және 28-қыркүйекте Астана уақытымен 2 сағатта 1,5 және 1 балл шамасындағы жер асты дүмпулері тіркелді.

Соңғы жаңалықтар