Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Павлодар ауданына қарасты Заңғар ауылының маңындағы тас жолда екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам ажал құшты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

  • 23 Қараша 2015
  • 465
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «Апаттық медицина орталығы» мекемесі Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары, дәрігер Анатолий Морозовский хабарлады.

«Орталықтың құтқарушылар бригадасы 14.53-те оқиға орнына келді. Көліктердің ішінде болған үш азамат тілге келместен қайтыс болды. Ажал құшқандардың қатарында 65 жастағы ер азамат, 59 және 56 жастағы әйелдер болды. Мамандар апатта зардап шеккен үш адамға медициналық көмек көрсетті. Олардың қатарындағы екі ер азамат ауыр халде Павлодар қалалық №1 аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», — дейді А. Морозовский. 

Соңғы жаңалықтар