Павлодар облысында жүк отарбасы бір ер адамды соғып кетті
Павлодар облысында жүк отарбасы бір ер адамды соғып кетті. Әлгі адам жарақат салдарынан оқиға орнында қайтыс болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен. |
Қайғылы оқиға 3-наурызға қараған түні Май ауданы Малайсары ауылының маңында темір жолдың 109-шы шақырымында болған. Шойын жолдың бойымен келе жатқан адам Май ауданы Көктөбе ауылындағы өз үйіне бет алған сыңайлы.
Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қазір қайтыс болған адамның мәйітіне сот-медициналық сараптама жасалуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін