Павлодар облысында жүкті әйел күйеуін пышақтап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жүкті әйел күйеуін пышақтап тастаған

Павлодар облысында жүкті әйел күйеуін пышақтап тастаған

Павлодар облысындағы Тереңкөл ауылында 28 жастағы әйел азаматтық некеде тұрған жұбайын пышақтаған, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары". 

  • 10 Қазан 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тереңкөл ауылында жұмыссыз әйел өзінің құрбысымен ішімдік ішкен.

"Үй иесі осы уақытта ұйықтап жатқан. Оянған соң 28 жастағы ер адам құрбысының отырғанына наразылық білдірген. Оның үстіне, әйелі жүкті болған. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, әйел үстелден ас пышағын алып, ер адамның кеудесіне ұрған. Кейін өз іс-әрекетінен қорқып, үйден қашып кеткен. Құрбысы жедел жәрдем шақырған. Бірақ ер адам көмек келгенше қайтыс болған, — деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


 

Соңғы жаңалықтар