Павлодар облысында жұмысшылары жер астынан шықпай қойған шахта жабылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жұмысшылары  жер астынан шықпай қойған шахта жабылып қалды

Павлодар облысында жұмысшылары жер астынан шықпай қойған шахта жабылып қалды

Павлодар облысындағы «Майқайың-Алтын» акционерлік қоғамына қарасты  «Алпыс» кен орны өз жұмысын уақытша тоқтатты. Бұған алтын мен мыс өндіретін кәсіпорын ішіндегі еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болып отыр.

  • 27 Тамыз 2014
  • 362
Фото - Caravan.kz

«Алпыс» шахтасындағы жұмыс мұндағы тексеру шараларына байланысты тоқтатылып отыр. Өйткені кәсіпорында қауіпсіздік ережелері мүлдем сақталмай келген. 15 тамыз күні аталмыш мекеменің кеншілері тиісті еңбекақысын ала алмай жүргеніне наразылық білдіріп, бірнеше күн бойы жер астынан шықпай қойған болатын. Кейін ашынған кеншілердің бұл әрекетіне аудан басшылығы мен облыстық еңбек басқармасы араласты. Қазір құзырлы органдар шахтаны толығымен  бақылауға алғандарын айтуда. Тексеру қыркүйектің 18-не дейін жалғаспақ. Ал жұмысшылар өзге кен орындарына ауыстырылыпты. Еңбек басқармасындағылар оларға алғы төлем берілді деп отыр.