Павлодар облысындағы суармалы алқаптардың аумағы жылдам өсіп келеді су - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысындағы суармалы алқаптардың аумағы жылдам өсіп келеді  су

Павлодар облысындағы суармалы алқаптардың аумағы жылдам өсіп келеді су

Былтыр өңірдегі суармалы алқаптардың аумағы 166,9 мың гектарды құраған. Облыста бұл бағытта 6 жоба жалғасын табады. 

  • 21 Қаңтар
  • 837
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ертіс-Баян өңірінің фермерлері суармалы жерлерді көбейтуге баса мән беріп отыр. Соңғы 4 жылда олардың жалпы алаңы 65 мың гектарға өскен. Тек былтыр 6 жоба жүзеге асып, жаңадан 3,3 мың гектар іске қосылған. Шаруалар инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша бөлінген 2,4 млрд теңгені толығымен игерді.

— Облыста суармалы жерлер желісін кеңейту мәселесі — өте маңызды әрі өзекті. Биыл бұл көрсеткішті 175 мың гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін тағы 6 жобаны жалғастыратын боламыз. Біздің фермерлер шетелде шығарылған 81 бірлік суару машиналарын сатып алды (Valley, Zimmatic, RKD, Bauer). Сондай-ақ, лимандық суаруды дамыту бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Олардың жалпы аумағы 73,3 мың гектар, — дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Өңір алдағы алты жыл ішінде барлық лимандық суару жүйелерін реконструкциялауды көздеп отыр. Мысал үшін, биыл Баянауыл ауданында көлемі 6,7 мың, Май ауданында 14,6 мың гектар болатын Қолыбаев лимандық жүйесін қайта жаңарту жобасы қолға алынады.

Лимандық алқаптар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы осы жылдың ақпан айында шығуы тиіс. Одан соң Су ресурстары министрлігімен бірлесіп, қаржыландыру мәселесі пысықталады.

Соңғы жаңалықтар