Павлодар облысының әкімі азық-түлік өнімдеріне баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді жолға қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының әкімі азық-түлік өнімдеріне баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді жолға қойды

Павлодар облысының әкімі азық-түлік өнімдеріне баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді жолға қойды

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Жалпы облыста баға бойынша жағдай қалыпты деп бағаланады. Алайда, әкімдердің міндеті — азық-түлік және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың негізгі түрлеріне баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ өнім тапшылығына жол бермеу, — деді Қ. Бозымбаев әкімдіктегі мәжілісте.

Ол негізгі азық-түлік өнімдеріне күнделікті баға мониторингін жүргізуді тапсырды. Мемлекеттік органдардың басшылары егер республикада ұн бағасы өсетін болса, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұнды арзандату нұсқаларын пысықтауы тиіс.

Қазіргі уақытта өңірде  1 сұрыпты ұнға, сиыр еті, пастерленген сүт, айран, макарон, күнбағыс майы, сондай-ақ  жарма түрлері, қырыққабат, қызылша, сәбіз бағалары республиканың басқа өңірлеріне қарағанда, төменірек, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Александр Бабенко.


Соңғы уақытта импорт жеткізу тежелуіне байланысты тауық етіне баға өсіп кетті. А. Бабенконың айтуынша, қазіргі уақытта жағдай қалыпты, баға төмендейді деп күтілуде.