Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық іс тексеріліп бітті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық іс тексеріліп бітті

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық іс тексеріліп бітті

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істі тексеріп бітті,

  • 9 Шiлде 2014
  • 398
Фото - Caravan.kz

деп осы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тексеру 3 шілдеде аяқталды, делінген баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында.

Оған ақша жымқыру және ірі мөлшерде пара алу мақсатында облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары құрамында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген айып тағылды.

Қазір айыпкер мен оның қорғаушысы қылмыстық іс материалдарымен таныстырылуда.