Павлодар қаласында 11-қабаттан құлаған әйел тіл тартпай кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар қаласында 11-қабаттан құлаған әйел тіл тартпай кетті

Павлодар қаласында 11-қабаттан құлаған әйел тіл тартпай кетті

Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері әйелдің сол жерде жан тапсырғанын айтты.

  • 25 Шiлде 2018
  • 17
Фото - Caravan.kz


Павлодар қаласында әйел адам 11-қабаттан құлады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Қайғылы жағдайдың орын алғаны туралы ақпаратты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растады. — 2018 жылдың 24-шілдесінде шамамен сағат кешкі бестің кезінде Тәуелсіздік көшесінде 11-ші қабаттан құлаған әйел адамның денесі табылды, — деді ІІД баспасөз қызметінде. – Оқиға бойынша 105 баппен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Медициналық сараптама тағайындалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының мәліметінше, мерт болған әйелдің жасы шамамен 50-де. — Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері әйелдің сол жерде жан тапсырғанын айтты. Ол өмірмен сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар алған, — деді баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева. Еске сала кетейік, 11 маусым күні дәл осы үйдің 14-ші қабатынан 31 жастағы ер адам секіріп, көз жұмған.

 

Соңғы жаңалықтар