Жарияланды: 450

Павлодар жұрты Наурыз мейрамын биыл 40 күн тойламақ

Павлодар жұрты Наурыз мейрамын биыл 40 күн тойламақ

Павлодар облысының басшылығы биыл Ұлыстың ұлы күні мерекесі мейлінше ұзаққа созуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Жергілікті атқамінерлер ауа-райының қолайсыздығына байланысты осындай шешімге келдік дейді. Мереке жылдағыдай 22-ші наурыз күні орталық алаңда аталып өтеді. Бірақ шағын көлемде ғана. Ал, ұлыстың ұлы күні өңірде ауа-райының құбылып, жұртты әбден мезі қылатынын айтқан шенеуніктер мерекені енді мамарға ысырмақшы.

Яғни 60-қа жуық ақ шаңқан үй тігіліп, түрлі ұлттық ойындар ойнату шарасы 1-ші мамыр – Бірлік күнінде өтеді деп жоспарланып отыр. Әз Наурызды тойлауға биыл 12 миллион теңге бөлінген.

“Солтүстік аймақ болғандықтан біздің өзіміздің табиғи ерекшелігіміз бар. Наурыз – ол көк шыққанда, күн жарқырап тұрғанда тойланады. Ал 22 наурызда бізде өкінішке қарай қар болады, аяз соғып тұрады. Соған орай мына әлеуметтік желіде жазылып жатыр ғой, халықтың пікірін ескере отырып, тек киіз үй мәселесін ғана 1 мамырға ауыстырып отырмыз”, – деді Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Самал Бегалинова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін