Жарияланды: 400

Павлодарда 24 жастағы жазасын өтеуші өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады

Павлодар облысындағы АП 162/2 түзету мекемесінде жазасын өтеуші 24 жастағы азамат өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар облыстық басқармасынан хабарлады.

Павлодар облысы Красноармейка ауылының тумасы ҚР Қылмыстық істер Кодексінің 179-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық топтың құрамында қарақшылық жасағаны үшін сот шешімімен 9 жылға бас бостандығынан айрылған. Ол жазаның жеті жылын өтеген көрінеді. Қазір жігіттің туыстары тарихи отаны -Германияға қоныс аударыуға дайындалуда. Жігітті өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауға осындай жағдай итермелесе керек. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар облыстық басқармасынан хабарлағанындай, жігіт өз-өзін тамағынан бауыздап жіберуге талпынған. Зардап шеккен жігіт абақтының санитарлық бөліміне жеткізіліп, сол жерде оған тиісті көмек көрсетілді. Қазір жазасын өтеуші жігіттің өміріне төнген қауіп сейіліп, оған психологиялық көмек көрсетілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін