Павлодарда 700 литр жанар-жағармай тиелген жүк көлігі өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 700 литр жанар-жағармай тиелген жүк көлігі өртенді

Павлодарда 700 литр жанар-жағармай тиелген жүк көлігі өртенді

Павлодарда Трансортная көшесі, 11 мекенжайы бойынша өндіріс базасы аймағында КамАЗ толығымен жанып кетті.

  • 1 Тамыз 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі өрт сағат 22.25-те тіркелгенін айтты, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

"Тіркемесі бар 1991 жылы шығарылған жүк көлігінде 700 литр жанар-жағармай болған. Жалын жалпы аумағы 50 шаршы метрді шарпыған", — деді ТЖ департаментінде.

Сонымен қатар, оқиға орнынан сыйымдылығы 40 тонна жанар-жағармайға арналған екі бос цистерна шығарылған. Жеке құрамнан 14 адам  3 техниканың көмегімен тілсіз жауды сағат 23.15-те ауыздықтап, сағат 23.23-те толық сөндірілді. 

Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр жабдығының қысқа тұйықталуы салдарынан болған.