Павлодарда 7-ші қабаттан құлаған сәби аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 7-ші  қабаттан құлаған сәби аман қалды

Павлодарда 7-ші қабаттан құлаған сәби аман қалды

Павлодарда 3 жасар сәби аурухананың жетінші қабатынан құлап, жан тапсыра жаздады. Балалықпен москит торына жармасқан Лейсан есімді қыз төменге сырғып түскен.

  • 19 Маусым 2014
  • 257
Фото - Caravan.kz


Палатаның терезе жағын айналшақтап жүрген сәби анасы теріс бұрылып қалғанда, жақтауға мініп, аяғы тайып кеткен. Құлап бара жатқанда қабырғаның сыртындағы кондиционерге ілініп, аман қалыпты. Қос аяғы сынып, бас сүйегі ауыр жарақаттанған бүлдіршін қазір есін жиған. Биыл Павлодарда дәл осылай 20-дан астам бала биіктен құлапты. Көп жағдайда балалардың мертігуіне ата-аналардың салғырттығы себеп болатыны жасырын емес.