Павлодарда әйелін ұрған ер адам сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда әйелін ұрған ер адам сотталды

Павлодарда әйелін ұрған ер адам сотталды

Павлодар аудандық сотында ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

  • 11 Қазан 2013
  • 413
Фото - Caravan.kz

Араққа сылқия тойған ер адам жұбайының денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіру мақсатында оның маңдайынан бөтелкемен ұрып, қалған шыны сынықтарымен мойын тұсын тіліп жіберген.

Зардап шеккен әйел аурухағана жатқызылды. Сараптаманың шешімі бойынша маңдайдағы жарақат денсаулыққа аса зиянын тигізе қоймас, ал мойнындағы жара бас пен мойынның арасындағы көк тамырға зиян келтірген.

Сот ер адамды ҚР ҚК 103-бабының 1-тармағы бойынша айыпты деп тауып, оны үш жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.