Павлодарда алдау арқылы басқаның ақшасын иемденіп алған алаяқ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда алдау арқылы басқаның ақшасын иемденіп алған алаяқ ұсталды

Павлодарда алдау арқылы басқаның ақшасын иемденіп алған алаяқ ұсталды

Павлодар. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарлық тәртіп сақшылары алдау арқылы басқаның ірі көлемдегі ақшасын иемденіп алған алаяқ әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қараша 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Полицияға шағымдана келген жәбірленушілер күдіктінің алдау арқылы оларды түрлі банктерден несие алып, ақшаны оған беруге мәжбүрлегенін жеткізген. Бірақ ол несиені өзі қайтаруға уәде берген», — деді ІІД баспасөз қызметінің бастығы, полиция майоры Жанар Біләлова.

Департаменттің хабарлауынша, «осы жылдың басында жәбірленушілерге банктерден хабарландырулар келе бастаған, соған сәйкес күдіктінің несиені қайтаруға ешбір әрекет жасамағаны белгілі болған». Алдын-ала мәліметке сәйкес, алаяқтың әрекеттерінен 20 адам зардап шеккен. Алынған несиенің көлемі 1 млн 300 мың теңгеге жеткен.

Жуырда жүзеге асырылған жедел іздестіру шараларының барысында күдікті қолға түсті. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 2, 3-тармақтары бойынша (аса ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Тергеушілер алаяқтан зардап шеккен адамдардың тізімі ұлғая түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Олар кешікпей алаяқ әйелдің суретін жергілікті БАҚ-тарда жария етпекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті