Павлодарда арбаға таңылған азаматтар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда арбаға таңылған азаматтар шу шығарды

Павлодарда арбаға таңылған азаматтар шу шығарды

54 жастағы Сүлеймен Бекбауов қос аяғынан айрылып, 8 жылдан бері арбаға таңылған. Бұған дейін тегін көлікпен қатынап жүрген азамат бір жұмадан бері ақылы такси қызметіне жүгінуге мәжбүр. Кезекті рет ауруханаға жетуге ақша таппай қалатын кездерім болды дейді. Өзі сияқты 300-ден аса жан діттеген жеріне жете алмауда.

Сүлеймен Бекбауов, бірінші топтағы мүгедек:

-Қайда немен баратынымызды білмейміз.Т

  • 6 Мамыр 2015
  • 231
Фото - Caravan.kz

54 жастағы Сүлеймен Бекбауов қос аяғынан айрылып, 8 жылдан бері арбаға таңылған. Бұған дейін тегін көлікпен қатынап жүрген азамат бір жұмадан бері ақылы такси қызметіне жүгінуге мәжбүр. Кезекті рет ауруханаға жетуге ақша таппай қалатын кездерім болды дейді. Өзі сияқты 300-ден аса жан діттеген жеріне жете алмауда.

Сүлеймен Бекбауов, бірінші топтағы мүгедек:

-Қайда немен баратынымызды білмейміз.Таксиға ақша жоқ. Мен өзім Жаңаауылда тұрамын. Ол әжептәуір жер. Оның өзінде банкке, дүкенге барам. Тіршілік бар ғой құдайға шүкір, арбамен жүрсек те.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды тегін тасыған жергілікті фирмаға қатысты осы уақытқа дейін еш қиындық болмаған. Ал биылғы тендерде жеңіске жеткен алматылық мекеме арбаға таңылғандарды небәрі бес машинамен тасуы тиіс. Бұған дейін жарытып жауап бермеген атқамінерлер болса, әкімдік алдында жиналған мүгедектерге өткізілген байқаудың шарттарын барынша түсінідіруге тырысып бақты.

Қайрат Нұрмағамбетов, Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

-Тендер өткіздік. Оның жеңімпазы мына «Ерекше таңдау» деген корпаративтік фонд ұтты. Соған қазір келісім-шартқа қол қоямыз. Ертеңнен бастап бұл жұмысты олар өздері атқарып, қызмет көрсетеді деп ойлаймын.

-Күнде «ертең» деген уәдеден шаршаған мүгедектер мұнымен тарқаса қоймады. Өздерін тегін тасуы тиіс фирма көліктерінің қызметі тағы кешіксе, шағым түсіруден басқа амалымыз жоқ дейді олар.