Павлодарда балабақша жұмысшысы 5 жасар қызды азғырды деген күдікпен қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда балабақша жұмысшысы 5 жасар қызды азғырды деген күдікпен қамалды

Павлодарда балабақша жұмысшысы 5 жасар қызды азғырды деген күдікпен қамалды

Павлодарда балабақшадағы аула сыпырушы кішкентай қызды азғындады деген күдікпен қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 13 Қазан 2017
  • 325
Фото - Caravan.kz

Соттың мәліметінше, 40 жастағы күдікті Павлодардағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жұмыс істеген.

"Сот Павлодардың 1977 жылғы тұрғынын қамауға алу туралы шешім қабылдады. Ер адам екі айға қамалды", — деп хабарлады Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі №2 соты.

Сот отырысы жабық тәртіпте өтті. Күдікті 5 жылдан 10 жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, полицияға бұл туралы балабақша тәрбиеленушілерінің бірінің ата-анасы хабарлаған.

"Ата-аналардың полиция органдарына қалдырған өтініші бойынша Павлодардағы балабақшалардың бірінің аула сыпырушысының азғыру дерегі ретінде сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Осы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", — деді Павлодар облыстық прокуратурасының өкілдері. Ер адамның қызға балабақша аумағында тиіскені белгілі болды.


Ал балабақша өкілдері бұл оқиғаның ойдан шығарылғанын және ер адамның жақсы қызмет еткенін айтады.
 

Соңғы жаңалықтар