«Жаңа мекеменің міндеті балалықты қорғауға, сондай-ақ, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қажетті жағдайларды жасауға, еліміздің кішкентай азаматтарының бастамаларын қолдауға қатыст кең көлемді мәселелер топтамасы қамтылады», -деп хабарлайды өңір әкімшілігіндегілер.
Таяуда өткен кеңесте Павлодар облысының әкімі өңір атқамінерлеріне балалар құқығын қорғау департаментінгің басшысын таныстырды. Жаңадан құрылған мекемені Гульбарам Наурызбаева басқаратын болды, ол бұған дейін Қазақстан халқы кіші ассамблеясының Павлодар облыстық бөлімі төрағасының орынбасары болып істеген.
Г. Наурызбаеваның айтуынша, департаменттің функциясы балаларлың конституциялық құқығын қамтамасыз ету, атқарушы билікке балаларға қатысты проблемаларлды шешуге қолұшын беру, дарынды балаларлы қолдау тб. Департаменттің мәліметіне сәйкес, Павлодар облысында кәмелеттік жасқа жетпеген 225 мың бала тұрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті