Павлодарда бір үйдің ауласында үш бірдей көлік жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бір үйдің ауласында үш бірдей көлік жанып кетті

Павлодарда бір үйдің ауласында үш бірдей көлік жанып кетті

Облыс орталығындағы көпқабатты үй аулаларының бірінде үш жеңіл көлік өртенді.

  • 28 Қазан 2015
  • 455
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Әлия Темірова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Оқыс оқиға Павлодар қаласы Горький көшесіндегі аулалардың бірінде орын алды. Таңғы 03.00-де «Шевроле круз» көлігі өртенді. Нақтырақ айтқанда, мотор бөлігі мен салоны жанды. Кейін аталмыш машинаның жанында тұрған «Мерседес» және «Тойота королла» маркалы көліктері де қызыл жалынға оранды, — дейді Ә. Темірова.


Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, өрттің жалпы аумағы үш шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда оқиғаның себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.