Жарияланды: 420

Павлодарда бір жүргізуші өз мотоцикліне жаншылып өлді

Павлодар облысының Ақсу ауданында бір жүргізуші өз мотоцикліне жаншылып өлді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Өткен демалыс күні дос-жарандарымен бірге біраз ішімдікпен әуестенген 27 жастағы жұмыссыз жігіт тіреуіште тұрған мотоцикінің жанында ұйықтап қалған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, түнде, мотоцикл ұйықтап жатқан қожайынын жанши құлаған. Алған жарақаттар салдарынан жігіт ауруханада қайтыс болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін